КОМИССИЯ

lat: Komısıa

зат. 1. Арнаулы бір тапсырманы орындау үшін немесе мәселені шешу үшін белгіленген адамдар тобының уақытша немесе үнемі болып тұратын мәжілісі. Қалалық к о м и с с и я тасқын зардабын жою үшін шұғыл шара қолдануда (Коқаев, Тасқын). Техникалық к о м и сс и я не дерін кім білсін? (Ы.Тникин, Жомарт.). Екеуміз госпитальда дәрігерлік к о м и с с и я д а н бірге өттік. Ауыр жарақатты болғандықтан, оны да әскери қызметке жарамайды деп тапты (С.Мәуленов, Шыңда.). 2. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін, мәселені алдын ала талқылау, шешім, заң жобасын даярлау үшін құрылган алқалы орган. К о м и с с и я қайсыбір тапсырманы орындауға өкілеттік берілген адамдар тобы, яки мемлекеттік басқару аппараттарындағы немесе халықаралық ұйымдардағы мамандандырылған орган (мыс., адам құқықтары, әйелдердің жағдайы т.б. жөніндегі комиссиялар) (ҚҰЭ). Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Палаталардың бірлескен к о м и с с и я л а р ы н құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды (ҚР Конституциясы). Бүгін к о м и с с и я жолға шықпақшы (З.Шүкіров, Қиын түйін).