зат. экон. 1. Комитенттің тапсырмасымен сыйақыға, комитенттің мүддесі үшін және соның есебінен өз атынан мәміле жасауға міндеттенетін екі жақты шарт түрі. К о м и с с и я шартты жазбаша түрде жасалады (ҚҰЭ). К о м и с с и я қызметіне комитент ақы төлеуге тиіс (ҚҰЭ). 2. Комиссионердің комитенттің тапсырмасымен сыйлық алу үшін өз атынан келісім жасағаны үшін берілетін төлем. К о м и с с и я несие ұйымдастырғаны, әртүрлі қызмет көрсетуге келіскені үшін делдалға берілетін төлем (Қаз. тілі термин. Экономика). К о м и с с и я тапсырыскердің тапсыруымен және солардың есебінен орындалатын операцияларды жүргізгені үшін коммерциялық банкке төленетін төлем, яки комиссия шарты бойынша төленетін комиссиялық сыйақы (ҚҰЭ).