әск. а) Ұрыста берілген әскери тапсырмаларды барынша сәтті орындау мақсатында қарамагындағы бөлімдер мен бөлімшелерге басшылық жасауды жүзеге асыратын, әскерді басқаратын негізгі орын. К о м а н д а л ы қ п у н к т қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі және ол жасырын орналасады (Қаз. тілі термин. Әскери.). ә) Авиацияда бөлім (бөлімше) командирінің қарамагындағы бөлімшелердің ұшуы мен әрекеттеріне басшылық жасайтын басқару органы. К о м а нд а л ы қ п у н к т көрші бөлімдер мен өзінен жоғары тұрған командирлермен және бір-бірімен байланысты бөлімдермен хабарласып тұрады б) Ұрыс (оқу) кезіндегі жеке құрам әрекетін басқаратын кеме командирінің кеме ішіндегі орны (әдетте, арнайы бөлме). К о м а н д а л ы қ п у н к т қарсыластарын, өз бөлімдері мен көрші бөлімдерді бақылап отыруға қолайлы жерде ұйымдастырылады (ҚҰЭ).