Командашы

lat: Komandashy

құрлық және әуе күштері армиясын, әскери-теңіз флоты әскері түрлерін, әскери округтерді, майданды басқаратын генералдар мен адмиралдарды және маршалдарды айтады. Командашылар соғыс кезінде соғыс операцияларын дайындайды және оның іс жүзінде нәтиже беруіне жауапты болады. Бейбіт кезде олар өздерінің қарамағындағы құрамаларға, бөлімдерге басшылық етеді, оларды әскери шеберлікке үйретеді, соғыстың талаптарьша сай далалық және теңіздік әскери жаттығуларын басқарады.