КОМБИНАЦИЯ

lat: Kombınasıa

зат. 1. Белгілі бір тәртіппен тіркесу, қрсылып бірігу. К о м б и н а ц и я ғ а қатыстырылған әр сорт аналық компонент ретінде де, аталық компонент ретінде де пайдаланылады (Ш.Қабибуллин, Алхоры.). Амин қышқылдары бір-бірімен сан жағынан әрқилы к о м б и н а ц и я л а р г а бірігіп, белоктардың толып жатқан түрлерін жасайдыдам анатом.). Алыстан басқарылатын объектілердің әрқайсысы ток сапаларының тек өзіне арналған к о м б и н а ц и я с ы н тана қабылдайды (К.Айманов, Физика.). 2. Спорт. Шахмат, дойбы және спорт ойындарында қолданылатын айла-амалдар. Тәжірибелі тренер қателеспеген екен: сәтті басталтан к о м б и н а ц и я д а н кейін есеп 2:2 болды («Лен. жас»). Жалпы алтанда, сабақтың бұл бөлімін екі салата бөлуге болады: біріншісі белгілі бір к о мб и н а ц и я н ы не айла-тәсілді, сол сияқты допты қабылдаудың ерекшелігін жекелеп үйрену (О.Жарылтапов, Волейбол.). Кенет Мальцев суырылып алта шықты, жігіттер де ілесе жүріп, оның мына тамаша к о м б и н а ц и я с ы н а демеу болды («Лен. жас»).