КОМЕДИЯЛЫҚ

lat: Komedıalyq

сын. комедияға қатысты. Шынайы к о м ед и я л ы қ күйлердің қайдан туындап жатқанын, күлкі сырын ұқтым (Қ.Қуандықов, Серке Қожамқұлов). Крылов творчествосы сан түрлі. Ол жалғыз мысал өлеңдер емес, сонымен қатар к о м е д и я л ы қ (күлкілі) пьесалар, сатиралық оты өртеп өтетін, уыты ойып түсетін повестер мен әңгімелер, нәзік сырлы лирикалық өлеңдер, театр жөнінде хаттар мен рецензиялар жазды (С.Мәуленов, Үркер.). К о м е д и я л ы қ шығармада шынайы тапқырлық, асқан зеректік танытатын жарқылдаған ашық көңілді күлкіден бастап, кейіпкердің аңғалдығы, епсіздігі немесе топастығына негізделетін, іштен шықпаған, сырттай ғана көрінетін жасанды күлкіге дейін кездесіп отырады (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика.).