зат. инф. Есептеу және ақпараттық мәселелерді шешу процестерінде ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдар жиынтығы. Қазіргі кездегі к о м п ь ю т е р л е р 16-32 Мбайт шамасында мәліметтер сақтай алатын жедел жадпен және көлемі үлкен (5-10 Г байт) магниттік дискілермен, оған қоса магниттік таспалармен, лазерлік дискілермен жасақталады (Қаз. тілі термин. Информатика.). К о м п ь ю т е р бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина (ҚҰЭ).