инф. <ағыл. bitnet, computer network> а) Халықаралық Internet желісімен жалгастырылған үлкен желі. Internet желісі институттарда пайда болғанға дейін Bitnet желісі к о м п ь ю т е р л і к ж е л і д е кеңінен қолданылды (Қаз. тілі термин. Информатика.) ә) Ақпараттарды өңдеу, сақтау және жеткізуге арналған өзара байланысқан компьютерлер мен терминалдар жүйесі. К о мп ь ю т е р л і к ж е л і байланыс арналарының көмегімен ақпараттарды үлестіріп өңдеу талаптарын қанағаттандыратын, бірыңғай жүйеге біріктірілген компьютерлер мен терминалдардың жиынтығы (Қаз. тілі термин. Информатика.).