зат. 1. экон. Заңды және жеке тұлгалардың сауда, өнеркәсіп, көлік, сақтандандыру немесе басқа нысандардағы бірлестігі; заңды тұлга. Еуропа мен ТМД елдерінде к о м п а н и я «акционерлік қоғам» деп аталады, АҚШ-та оны корпорация деп атайды, Англияда к о м п а н и я деген термин қолданылады (ҚҰЭ). К о м п а н и я жеке капиталистердің үлес қосуы негізінде құрылған капиталистік кәсіпорын (Саяси сөздік). Басқа капиталистік елдердің өте ірі 200 к о м п а н и я с ы арасында мұндай (миллиард доллардан астам) айналымы бар фирма саны 21 болды (Қысқ. саяси экон. ). Нұртазаның үйі со жылы «Альфа Новель Бивалова» к о м п а н и я с ы н а н сүт сепараторын сатып алған (С.Мұқанов, Менің мект.).2. Уақытын бірге өткізіп жүрген адамдар тобы; белгілі бір мақсатпен біріккен бір топ адам. Ең бастысы — қысылма, к о м п ан и я д а күлкі болса қызық болады (Е.Домбаев, Ғашықтық). Араларына ешкімді кірістірмей: Біздің к о м п а н и я, деп, өздері бір бөлек отырды (А.Жақсыбаев, Қайырлы таң).