фирманың немесе басқа ұйымның активтері мен пассивтерінің белгілі бір уақыт сәтіндегі құны туралы есептеме. Активтерге ақша, бағалы қағаздар, жер, ғимараттар мен құрылыстар, басқа да күрделі жабдық, тауарлық-материалдық қорлар, аяқталмаған өндіріс және борышкерлерден алынуға тиісті сомалар жатады. Пассивтер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген борыштарды қамтиды. Активтердің пассивтерден артатын сомасы фирманың таза құны болып табылады. Егер бұл артуды фирманың өз акционерлері алдындағы міндеттемесі деп қарастыратын болсақ, активтер пассивтерге тең болып шығады да, баланс өзінің айқындамасына сәйкес келетін болады. Пассивтерінің құны активтерінің құнынан асып кететін кез-келген фирма төлем жасауға қабілетсіз болып табылады. Баланста көрсетілген көрсеткіштердің барлығының бірдей дәрежеде шын бола бермейтінін атап өту керек. Мысалы, қолма-қол ақшаның құны тұп-тура дәл көрсетілуі мүмкін. Оңай сатып өткізілетін бағалы қағаздар мен тауарлардың құны да едәуір шын дәрежеде белгілі, әрине, олар тез өзгеріп отырады. Ал жер, ғимараттар, құрал-жабдық сияқты нақты активтердің, сондай-ақ қиын сатып өткізілетін бағалы қағаздардың құнына келетін болсақ, олар тек бағалаушылық сипатқа ғана ие.