Компанияның директоры

lat: Kompanıanyń dırektory

Компанияның директорлар кеңесінің (board of directors) мүшесі. Директорлар атқарушы, яғни компанияда толық немесе толық емес жұмыс күні еңбек ететін директорлар болуы және атқарушы емес директорлар болуы мүмкін. Атқарушы емес директорлар қызметіне ерекше білімі мен тәжірибесі немесе белгілі атақтары немесе жақсы беделі бар әрі компанияға салмақтылық бере алатын тұлғалар сайланады. Директорлардың міндеттері заңмен айқындалады, ал оларға Ұлыбританияда қойылатын талаптар компаниялардың директорларын қызметінен босату туралы заңда баяндалған.