зат. 1. әдеб. Әдеби шығарманың құрылысы, оның цлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әртүрлі тәсілмен байланыстыръшған тутастық-бірлігі. К о м п о з и ц и я н ы ң көркемдік қуаттылығы әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай тұста айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын бұрын, қайсысын кейінірек баяндау бұлардың да үлкен мәні бар (Әдеб. теор.). Адамдардың сыртқы пішіні, кескіні, мінез-құлқы, ісәрекеті, күйініш-сүйініші, сөйлеген сөзі, қысқасы, осылар тәрізді шығармада кездесетін оқиғаның, әр алуан бөлшектердің қалауын тауып, жазушы асқан шеберлікпен бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Міне, осыны шығарманың к о м п о з и ц и я с ы құрылысы деп атайды (Қ.Жұмалиев, Әдеб. теор.). Ал к ом п оз и ци я с ы мен мәнінде, астарлап айтар ишараларында мін жоқ (Ә.Тәжібаев, Өмір.). К о м п о з и ц и я сюжетпен тығыз байланысты болғанмен, одан бірқатар айырмашылықтары бар (ҚҰЭ). 2. өнер. Композитордың немесе суретшінің шығармашылық еңбегінен туған шығарма (музыка, кескіндеме, мүсін немесе графика) (ҚҰЭ). 3. өнер. Музыка шығару теориясы. К о м п о з и ц и я музыкалық оқу орындарында (колледж, консерваторияларда) арнаулы пән ретінде оқытылады (ҚҰЭ). К о м п оз и ц и я н ы оқыту гармония, полифония, музыка, шығармаларды талдау, аспаптау сияқты музыкалық-теориялық пәндерді қоса үйретумен тығыз байланысты (ҚҰЭ). 4. Көбінесе көрермендердің, тыңдармандардың, оқырмандардың танымымен анықталатын, мазмұнымен, сипатымен, белгілеуімен, жанрмен шартталатын публицистикалық шығарманың КЧрамы. Шындық әлемінің объективті заңдылықтары мен құбылыстарының өзара байланысын жинақтау және бейнеленуі к о мп о з и ц и я заңы болып табылады (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика). К о м п о з и ц и я сипаттарды, оқиғаларды және әрекеттерді, сюжеттен тыс элементтерді, жағдайдың егжейтегжейлігін іріктейді (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика). 5. Әртүрлі заттардың қоспасы. К о м п о з и ц и я тағамның биологиялық қасиетін жоғарылату үшін жасалатын тағамдық заттар қоспасы (Қаз. тілі термин. Тамақ).