КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ

lat: KompozısıaLYQ

сын. Композицияга тән, композицияга қатысты. Бұларға қоса шығарманың к о м п о з и ц и я л ы қ құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа баяндаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика). Әдеби шығарманың к о м п оз и ц и я л ы к құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап, таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне жалғас келеді және түптеп келгенде, бұл жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәнді, маңызды екенін терең түсінетін көрегендігіне байланысты болады (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика).