зат. Виноград спиртінен алынатын уытты спиртті ішімдік. К о н ъ я к негізінен, құрғақ ақ жүзім шараптарын айдау арқылы алынады да, емен бөшкелер мен цистерналарда бабына келгенше сақталады (ҚҰЭ). Дайындау технологиясы бойынша к о н ь я к ординарлық, маркалы және коллекциялық болып сараланады (Қаз. тілі термин. Тамақ. ). Карта тоқталып, ортаға үйілді. Жүніс жеңгейдің жұмсауымен закуска, рюмкаларды үстеп дайындап, к о н ь я к т ы ң тығынын суыруға кірісті (Б.Майлин, Азамат.). Арменияда шығаратын, дүниежүзіне атағы жайылғанын, Парижде болған дегустацияда алтын медаль алғанын естіген боларсыз?... Одан артық к о н ь я к жер шарында жоқ (С.Мұқанов, Есею жыл.).