зат. инф. 1. Белгілі бір жүйені, аппараттық жабдықтарды, оның нақты параметрлерін, құрылғылар құрамын, өзара байланыстарын анықтай отырып орналастыру. К о н ф и г у р а ц и я белгілі бір тұтыну кезеңі ішінде пайдаланылатын есептеу жүйесіндегі аппараттық құралдар мен олардың арасындағы байланыс параметрлерін бекітеді (Қаз. тілі термин. Информатика). 2. Дербес компьютерді пайдаланушының белгілі бір мәселелерді орындауына арналған қызметтік құрылғылардың жинағы. К о н ф и г у р а ц и я есептеу жүйесіндегі аппараттық құралдардың және олардың арасындағы жалғастырулардың белгілі бір жиынтығы (Қаз. тілі термин. Информатика.).