зат. 1. Мемлекеттер мен қоғамдық ұйым өкілдерінің, ұйым мүшелерінің белгілі бір тақырыпқа байланысты баскосуы, ғалымдардың жиналысы, мәжілісі. К о н ф е р е н ц и я г а біздің үкіметіміздің жоғары лауазымды мүшелерінің және Қазақстан мұнай-газ саласы басшыларының қатысуы Батыстың іскер топтары тарапынан үлкен қызғушылық тудыруда («Егемен Қазақстан»). Қазір әлемде қауымдасу, одақтасу Еуропалық, Ислам к о н ф е р е н ц и я с ы ұйымы жән ет. т. процесі жүріп жатыр. Егер біз түбі бір, тегі бір, менталитеті де аса жақын, мұңдас, мүдделес түркі халықтары өзара жақындаса, одақтаса алмасақ, өзге халықтармен қалай одақтаспақшымыз? («Жас Алаш»). 2. Айтулы күн, белгілі бір ғылыми тақырып бойынша шақырылған ғалымдар мен зерттеушілердің, педагог, оқытушылардың мәжілісі. Бір к о н ф е р е н ц и я шақыратын уақыт жетті (С.Мұқанов, Өсу жол.).