әск. Мемлекеттердің, саяси режімдердің т.с.с. нақты немесе ықтимал қарсыластарын күштеп оқшаулап, бір жерге бөлектеп жинауга пайдаланатын орын. Әскери тұтқындар мен босқындарға арналған түрмелер мен әдеттегі лагерьлерден айырмашылығы к о н ц е н т р а ц и я л ы қ л а г е р ь соғыс кезінде не саяси күрестің шиеленісіп асқынуы барысында айрықша декреттермен құрылып отырған (ҚҰЭ). К о н ц е н т р а ц и я л ы қ л а г ер ь л ер д е қамауда отырған Орталық Азия мен Кавказдан шыққан соғыс тұтқындарына М.Шоқай үлкен көмек көрсетті (ҚҰЭ).