Консорциум

lat: Konsorsıým

Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың негізіндегі уақытша ерікті тең құқылы одақ (бірлестік), бұл одақта заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерді шешу үшін белгілі бір ресурстарын біріктіреді және күш-қуатын үйлестіреді. Консорциумның қатысушыларының өздерінің шаруашылық жүргізудегі дербестігін сақтайды және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметіне қатыса алады. Консорциумның қатысушыларының арасындағы қарым-қатынастар шарттық негізде құрылады. Консорциумды басқару консорциумның қатысушыларының консорциалдық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады. Егер консорциалдық келісімде басқаша ескерілмеген болса, консорциумның қатысушылары консорциумның қызметіне байланысты міндеттемелер бойынша біріккен жауапкершілік көтереді. Консорциум өзінің қызметін алға қойылған міндет орындалғаннан кейін немесе өзінің қатысушыларының шешімі бойынша тоқтатады.