конституциялық іс жүргізу кез келген сатыда, бірақ қорытынды шешім шығарылғанға дейін мынадай реттерде: субъект өзі мәлімдеген өтініштен бас тартса; конституциялылығы талас тудыратын актілер күшін жойса немесе заңдық күшін жойса; мәлімделген өтініш Конституциялық Кеңестің қарауына жатпаса тоқтатылуға тиіс. Конституциялық Кеңестің мәлімделген өтініш бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі өтініш субъектісін Конституциялық Кеңеске осы негіздер бойынша қайтадан өтініш беру мүмкіндігінен айырады (1995 жылғы 29 желтоқсандағы №2737 «ҚР Конституциялық, Кеңесі туралы» ҚР КЗ 30-бап)