физ. Кристалдық тордағы әрбір атомның (ионның) айналасында бірдей қашықтықта орналасқан ең жақын атомдардың (иондардың) саны. Анион мен катион радиустарының айырмашылығы азайған сайын к о о р д и н а ц и я л ы қ с а н артады (ҚҰЭ). Керісінше, иондардың радиустарының айырмасы артқан сайын к о о р д и н а ц и я л ы қ с а н азаяды. 2-ге тең к о о р д и н а ц и я л ы қ с а н бір валентті күміс, алтын, мыс, т.б. кешенді қосылыстарда кездеседі (ҚҰЭ).