зат. 1. Феодалдық немесе буржуазиялық мемлекеттің басшысы. Таңдағына... «К о р о л ь» және «патша» аталатындардың бәрінің бұған дейінгі салтында, король я патша өлсе, оның жылы толмай, мұрагері таққа отырмайды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Россия бұрын патша билегенде де мемлекет еді. Енді патша жоқта да мемлек ет. Президенті бар Франция да мемлек ет. К о р о л і бар Англия да мемлек ет. Сұлтаны бар Түркия да мемлекет (Д.Әбілев, Арман.). Соңғы к ор о л і III Августың тұсында жан-жағын күшті мемлекеттер қоршаған Польша әлсірейді (С.Мұқанов, Саяхат.). 2. ойын. Король суреті салынған карта. Андрей мен Сәдірбайдың екеуінің де кескін, бітімдері аумаған шербидің к о р о л і н е ұқсас (С.Мұқанов, Менің мектеп.). 3. спорт Шахмат ойынындағы басты тұлга. Қарсымын мен байлық деген көшкінге, Құмар бірақ соған к о р о л ь, Пешкің де! Пәтер сұрап кірмедім мен үлкенге, «Волга» сұрап бармадым мен ешкімге (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). 4. ауыс. Майталман. Сізді театр сахнасына шығаруға да болар еді!.. Оқыған да боларсыз: бір кезде орыс сахнасының к о р о л і атанған Федор Иванович Шаляпин ешқандай жоғары музыкалық білім алмай-ақ дүниеге даңқы жайылған!.. (Б.Тәжібаев, Қараторғай).