организмде көмірсулардың түрленуінің бір жолы. Бұл жағдайда дене жұмысы барысында бұлшық етте пайда болған сүт қышқылының артық мөлшері қанмен бауырға тасымалданып, ол алдымен глюкозаға, одан əрі гликогенге айналады. Сол бауырда гликоген қайтадан ферменттік жолмен глюкозаға ыдырайды да, ол қан арқылы денеге тарап, бұлшық етте қайтадан гликоген түзу үшін пайдаланылады. Американдық биохимиктер ашқан бұл құбылыс қан құрамында қант мөлшерін белгілі деңгейде сақтауға бақытталған.