бұл ракеталар су үстіндегі, әуедегі, жағадағы және жердегі нысаналарды жоюға қолданылады. Соғыс кемелеріндегі ракеталар «корабль-әуе», «корабль-жер» және «корабль-корабль» болып әр түрлі кластарға бөлінеді. «Корабль-әуе» класты ракеталар корабльден әуедегі нысаналарды жоюға қолданылады. «Корабль-жер» класты баллистикалық және қанатты соғыс ракеталары сүңгуір қайықтардан және су үстіндегі корабльдерден ұшырылады. Олар жаудың жағадағы тактикалық және оперативті-стратегиялық объектілерін қиратуға арналған. «Корабль-корабль» класты ракеталар жаудың су бетіндегі соғыс корабльдерін, жағадағы объектілерін және жүк кемелерін қиратуға арналады.