зат. баспа. 1. Баспа теріміндегі қателері тексеріліп, жөнделген, басылар алдындағы соңғы түзетулер салынған баспа өнімінің бір данасы. Кітабыңыздың к о р р е к т у р а с ы н қарап шығыңыз (І.Есенберлин, Айқас). Ендігіде к о р р е к т у р а с ы н өзің ғана оқығайсың, деді. Сапарымыздағы көрген жайлар мен түйген ойларыңды тартымды жазыпсың, деп арқадан қаққандай да болды (М.Әлімбаев, Қалам.). 2. Әріптік, сандық, белгілік, таңбалық, емлелік, полиграфиялық-техникалық қателіктерді жөндеу жұмыстары. Оларға бірнеше к о р р е к т у р а л а р керек болар (Б.Момышұлы, Шығ.). К о р р е к т у р а ғ а баспа терімін тұпнұсқамен салыстырып оқып, қателерден арылту, мәтіндердің тілдік, стильдік ұғымдылығына назар аудару, терминдерді, атауларды, қысқарған сөздерді бірыңғай жүйеге келтіру, тақырып, бөлім, тарауларының, суреттерге берілген түсініктеме мәтіндердің өз орындарына орналасуын қадағалау, баспасөз басылымдарының полиграфиялықтехникалық жағынан сауатты шығуына және дұрыс безендірілуіне көмектесу т.б. жұмыстар жатады (ҚҰЭ).