зат. 1. Газетте немесе журналда жариялану үшін жергілікті жерлерден келген хабарлар. Әлгі почтальон әкеліп берген «Социалистік Қазақстанның» сандарында майданнан қандай хабар басылды екен? Соны бір шолып көрейік те... Газеттің 28 марттағы санында «Қазақ жігіттері» деген к о р р е с п о н д е н ц и я жарияланыпты (От ортасы.). Газет, журнал беттерінде мақала, к о р р е с п о н д е н ц и я л а р м е н қатар көркем туындылар да жарияланып отырды (І.Есқожин, Сәбит Мұқанов.). Сөйтіп, соғыс жайындағы ең соңғы к о р р е с п о н д е н ц и я н ы «Правдаға» Борис Полевой жазады (Р.Ыдырысов, Отты жыл.). К о р р е с п о н д е н ц и я автордың оқиғаның дамуына болжам жасап, әлде пайда болған оқиғаларды шешуде өз әдісін ұсынып, болып жатқан жағдайлардың себебі мен салдарын өз түсіндірмесін беріп, оқиға болған жерден жанжақты хабарлама жасау (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика). 2. Хаттар, почтателеграф материалдары. Жаяу әскерлерден түсетін к о р р е с п о н д е н ц и я л а р тасқыны күрт кеміді. Бұл кезеңде біз байланысшылардан, саперлер мен артиллеристерден хат алып тұрдық (Ә.Меңдібаев, От кешу). 3. Жеке адамдардың немесе мекемелердің өзара жазыскрн хаттары. Есік сыртында кішкене жәшік ілініпті. Сыртында «к о р р е с п о н д е н ц и я үшін» деп жазылыпты. Мен «корреспонденциясы» несі, сірә, хат салатын жәшік болар деп жобаладым (Қ.Сәрсекеев, Кілт). Хат тасушы тағы бір топ к о р р е с п о н д е н ц и я әкелді. Оның біріне жазушыға Мэриям жеңгей мен немересі Бақытжан көмектесіп жүр (Н.Әбуталиев, Құрдастар).