зат. 1. Газет, теледидар, радио редакцияларында, ақпараттық агенттіктерде штатта немесе штаттан тыс қызмет ететін және олардың басшыларының тапсырмаларын орындаушы журналист. Күтпеген жерден залға бір топ к о р р е с п о н д е н т т е р кіріп келді (Б.Момышұлы, Шығ.). Ақыры басқаша болып шықты-ау. «С.Қ.»-ның фронтта военный к ор р е с п о н д е н т т е р і бар ма, қазақ жігіттерінен. Әрине, мен құсап, стройда жүргендерінің қолы тие бермейді ғой (Б.Бұлқышев, Адамзатқа хат). Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері де, біреумен хат алысып тұратын адам да к о р р е с п о н д е н т деп аталады (Қаз. тілі термин.Экономика). 2. Белгілі бір аймақта редакцияны таныстыратын және болып жатқан оқиғаны газеттерде, теледидарда немесе радиода жариялаушы журналист-қызметкер. Күн төбеден ауа бере өзімнің к о р р е с п о н д е н т екенім есіме түсті (Ж.Молдағалиев, Тыңдағылар). 3. Жергілікті жерден редакцияға хабар беруші жеке тұлғаның аты. Оларға меншікті к о р р е с п о н д е н т, ұжымдық к о р р е с п о н д е н т және басқалары жатады (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика). 4. экон. Банк немесе басқадай қаржы ұйымдары, олар сол өңірдегі өзі секілді ұйымдардың есебінен мүддесін ұсыну және де олардың қаржылық әрі коммерциялық тапсырмаларын орындаушы. К о р р е с п о н д е н т басқа тұлғаның тапсырмасын немесе мекеме үшін берілген коммерциялық тапсырманы соның есебінен орындаушы жеке немесе заңды тұлға (фирма, банк) (Қаз.тілі термин.Экономика).