зат. 1. физ. Қоршаған ортаның әсерінен металдардан жасалған бұйымдардың өздігінен бүліну процесі және құбылысы, тот. Желдің ұшырып әкеткен материалдарының жәрдемімен жасалатын бұзылуды к о р р о з и я деп атайды (С.Орынбаева, Геогр. ғажайып.). К о р р о з и я салдарынан металл бірте-бірте желініп, өзінің бастапқы қасиетін жоғалтып, бұзылады (ҚҰЭ). К о р р о з и я кезінде металдардың бет жағы коррозия өнімдерімен қапталып, тотығады (тоттанады) (Қаз. тілі термин. Кен). Бетон және темір-бетон к о р р о з и я с ы сыртқы жебір ортаның әсерінен бетонның және темірбетонның босап бұзылуы (мүжілуі, жемірілуі). Су және су ерітінділері бетон арқылы өткенде, бетон құраушылары мен арматуралар өзара әсерлесуінен, бетон мен темір-бетон к о р р о з и я ғ а ұшырайды (ҚҰЭ). 2. геол. Геологиялық жыныстардың химиялық агенттердің әсерінен және заттектердің су алып кетуінен өзгеруі. Геологиядағы к о р р о з и я сыртқы ортаның әсерінен, ішінара шайылудың, мұжылудың, ерудің салдарынан тау жыныстарының үгітілуі (Қаз. тілі термин. Экология). К о р р о з и я су ағыны, жел күші, мұздың қозғалысы жән е т.б. әсерінен қозғалыстарға ұшыраған таужыныс кесектері мен түйірлерінің үйкелістер әсерінен қажалуы және өздерімен тоқайласқан өзге де таужыныстарды тоздыруы (Қаз. тілі термин. Геология). К ор р о з и я таужыныстардың жер бетінде судың химиялық әсерінің нәтижесінде еруі (Қаз. тілі термин. Экология).