КОРПОРАЦИЯ

lat: Korporasıa

зат. 1. Кәсіби немесе мақсат-мүдделері ортақтығымен біріккен қоғам, одақ, бірлестік. Алты күн бойына бүкіл дүниежүзінің кәсіподақ ұйымдарының өкілдері көпұлтты к о р п о р а ц и я л а р д ы ң ықпалының күшеюіне және осы монополиялардың бүлдіру әрекеттеріне қарсы ойдағыдай күрес жүргізу үшін барлық елдердің еңбекшілерінің күшжігерін біріктіруге байланысты проблемаларды талқылады («Соц. Қаз.»). Көп ұзамай телефон байланыс құралы ғана емес, күзетшінің де, бизнесмен кеңесшісінің де, үй қызметшісі көмекшісінің де міндетін атқаратын болады, жақында Жапонияның телефон-телеграф к о р п о р а ц и я с ы осындай мәлімдеме жасады (С.Мұқанов, Есею жыл.). Қазір ол миллиардер нь И.Жэнь) үкіметпен бірігіп қызмет атқарып отырған зор к о р п о р а ц и я н ы ң бір мүшесі (С.Мұқанов, Алып. адым.). 2. экон. Меншіктің акционерлік нысаны, меншікті ұжымдасып иелену, кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру, заңга қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам, одақ, тұлғалар тобы. К о р п о р а ц и я банкрот болған немесе төлем төлеуге қабілетсіз болған жағдайда өз міндеттемелері бойынша қатысушылардың мүлкімен емес, тек к ор п ор а ц и я мүлкімен ғана жауап береді (ҚҰЭ). 1964 жылы Америкадағы өте ірі 500 к о р п о р а ц и я н ы ң ішінен 55 корпорацияда қаржы айналымы бір миллиард доллардан астыысқ. саяси экон. ).