КОСМОЛОГИЯ

lat: Kosmologıa

зат. астрон. Ғаламның біртұтастығы және оның астрономиялық бақылаулар арқылы танылған бөлігі жайлы ілім, астрономияның бір бөлімі. К о с м о л о г и я н ы ң тұжырымдары (Ғаламның модельдері) физиканың заңдары мен астрономиялық бақылаулардың деректеріне, сондай-ақ адамзат қоғамының әртүрлі дәуірлеріндегі философиялық принциптерге сүйенеді (ҚҰЭ). Ол атақты Пифагордың музыка теориясы мен к о с м о л о г и я с ы н аяусыз сынға алады: «Планеталар мен жұлдыздардың қозғалысы дыбыс туғызады, олар біріменбірі үндес және үйлесімді болады деген пифагоршылардың пікірлері қате, олардың бұл гипотезиясының мүмкін еместігі физика ғылымында дәлелденген» (А.Көбесов, Сөнбе. жұлдыз.). Ол рас, тарихтың айтуынша, әуелгі халықтардан космогония, к о с м о л о г и я жайлы ақылға негізделген, ғылымға жуық аңыз-ертектер жасаған дравилер-шумерлер ғана болған... (Б.Кенжебаев, Асау жүрек). Галактиканың алшақтауы к о с м о л ог и я ашқан кеңістік өлшемінің тұрақты емес екендігінің айқын айғағы (З.Серікқалиев, Ақыл.).