КРИМИНАЛИСТИКА

lat: KrımınalısIKA

зат. заң. Қылмысты ашу және тергеу үшін қылмыстық процесте қолданылатын, азаматтық не қылмыстық істерді қарағанда пайдаланатын техникалық және тактикалық тәсілдер, бұлтартпайтын дәлелдерді жинау және зерттеу әдістері мен құралдары туралы ғылым. К р и м и н а л и с т и к а жаратылыстану және техника ғылымдарының табыстарына сүйене отырып, дәлелдерді табу, сақтау, жинау, баянды ету және зерттеудің техникалық, тактикалық әдістерін өңдейді, жетілдіреді (ҚСЭ). К р и м и н а л и с т и к а ғылымы қылмыстың нақтылы түрлерін (кісі өлтіру, қоғам мүлкін талан таражға салу т.б.) тексергенде қолданылатын тәсілдер жинағы, тергеу методикасы (ҚСЭ). Қылмыстың жасалу жолдарын, оның себептерін зерттеу, сот-тергеу органдарының тәжірибелеріне талдау жасау арқылы к р и м и н а л и с т и к а қылмысты болдырмауға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, жетілдіре түседі (ҚСЭ).