физ. Криогендік температура (яғни 120 К-нен шөменгі температура) алу және оны пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым мен техника саласы. К р и о г е н д і к т е х н и к а газды сұйылту, оны сақтау және тасымалдау, төменгі температуралық тәсілдер негізінде газды қоспалардан арылту (мыс., өндірістік тәсілмен ауадан таза азот, оттек, аргон, гелий, т.б. бөліп алу), криогендік тоңазытқыштар жасау, асқын өткізгіштік, т.б. электртехникалық құрылғылар (трансформаторлар, кабельдер, гироскоптар, т.б.) мен электрондық аспаптар, биологиялық объектілерді криогендік температураға дейін суыту т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады (ҚҰЭ).