[нем. Kristall] зат. геол. Табиғи пішіні дұрыс көпжақтардан құралған қатты денелер. К р и с т а л л атомдары үш өлшемді периодты кеңістікте орналасып, кристалдық тор түзеді. К р и с т а л д а р қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып саналады (ҚСЭ). Бұл құрылым атомдардың орналасу симметриясына сәйкес к р и с т а л д а р д ы ң сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді (ҚСЭ). Мен к р и с т а л ғ а ұқсас тастардан қаланған іргеге жақын келдім (Т. Шаханов, Жоғалған.).