КРИСТАЛЛИЗАТОР

lat: KrıstalIZATOR

зат. инф. Ерітіндіні буландыру немесе қаныққан ерітіндіні салқындату тәсілдері бойынша кристалдандыруға арналған аппарат. Ерітінді құйылған к р и с т а л л и з а т о р сыртынан ағынды салқын сұйықпен, қар, мұз, т.б. салқындатқыш заттар арқылы суытылады (ҚСЭ). К р и с т а л л и з а т о р ішінде араластырылғыштары, ал сыртында салқындатқыш қабаты бар жай ыдыс немесе айналмалы барабан пішінді болып жасалады (ҚСЭ).