[нем. Kristall кристал, грек. grapho жазамын] зат. физ. Заттың кристалдық күйі туралы ғылым. К р и с т а л л о г р а ф и я геометриялық, физикалық және химиялық кристаллография болып үш түрге бөлінеді (Қаз. тілі термин. Геология). Геометриялық к р и с т а л л о г р а ф и я симметриялар мен кристалды денелердің тұрқы туралы және сол денелердің кеңістік торлар (құрылымдар) құрауының геометриялық заңдылықтары туралы ілімдерді біріктіреді (Қаз. тілі. термин. Физика.).