КРИСТАЛЛООПТИКА

lat: KrıstalOOPTIKA

зат. физ. Жарықтың кристалдарда таралуын зерттейтін физиканың саласы. К р и с т а л л о о п т и к а д а оптика мен кристаллофизикаға ортақ мәселелер қарастырылады (ҚСЭ). К р и с т а л л о о п т и к а негізінен, сәуленің қосарланып сынуы, жарық поляризаңиясы, поляризаңия жазықтығының бұрылуы т.б. кристалға тән құбылыстарды зерттейді (ҚСЭ).