Кризистік күй

lat: Krızıstik kúı

физ. Дағдарыстық күй. Екі фазалы жүйенің физикалық қасиеттері бірдей болып, олардың арасындағы фазалар айырмашылығы түгелдей жойылатын тепе-теңдіктің шекті күйі. Күй диаграммасында к р и з и с т і к к ү й г е фазалардың тепе-теңдік қисығында шекті нүктелер кризистік нүктелер сәйкес келеді (ҚҰЭ).