хим. Кремний ангидридінің SiO 2 туындылары, өте әлсіз, суда нашар еритін қышқылдар. Оларды ерімтал силикаттардың біреуін қышқылмен әрекеттестіріп және төрт хлорлы кремнийді немесе кр е м н и й қ ы ш қ ы л д а р ы н ы ң эфирлерін гидролиздендіріп алады (ҚСЭ). К р е м н и й қ ы ш қ ы л д а р ы н ы ң полимерлену жылдамдығы ерітінді температурасына, сутектік көрсеткішке, қышқыл концентрациясына байланысты (ҚСЭ). Қалыпты температурада ерітінді концентрациясы 12% болса, к р е м н и й қ ы ш қ ы л д а р ы н ы ң золь күйі тұрақты болады (ҚСЭ).