[ағыл. tocross] зат. спорт Жаяу жарысатын, яки тосқуылы бар ұзындықтан жүгіріп не атпен шауып өтетін жарыс түрі. Мың метрлік к р о с с, қашыққа секіру, граната лақтыру т. с. с. нәтижесі оқу-тәрбие жұмысының тәуір де нашар жақтарын аңғартты («Қазақст. мект.»). Кейінгі кезде республикамызда суға жүзу, к р о с с, ат жарысы, нысана көздеумен айналысып жүрген жастар көп («Соц. Қаз.»). Күз айларындағы соңғы жарыстар к р о с с және эстафета сайыстарымен аяқталады (« Спорт »).