Квадрат

lat: Kvadrat

[лат. quadratus] з а т е с і м. 1. г е о м. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш; төрткіл, шаршы. Бір участок жерді бөлгенде бір бөлігі к в а д р а т, ал екіншісі тік төртбұрыш болып шыққан (О.Жұмабаев, Орта мектеп.). «Қырық мүйіз» оюы кейде дөңгелек немесе к в а д р а т пішінде, кейде бұтақты ағаш тәрізді болып көсіле бейнеленеді (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 2. м а т е м а т и к а л ы қ. Санды өзінезін көбейткенде шығатын көбейтінді. Үдемелі қозғалыста жол уақыттың к в а д р а т ы н а тура пропорционал екен. Демек, уақыт екі есе өскенде, жүрген жол төрт есе артады (К.Әбдіғапаров, Қызық.физикалық. ). 3. г е о г р а ф и я л ы қ. Теңдей тік төртбұрыштарға бөлінген географиялық ендік. Бірде ертемен ұшқанымызда мен өз к в а д р а т ы м д а келе жатқан жау танктері мен жаяу әскерлерін көріп қалдым (Т.Бигелдинов, Аспанда.). 4. т и п о гр. Өлшемнің 48 пункткеамамен 18 мм) тең бірлігіолдың ұзындығы, терім форматы, қарпінің өлшемі, т.б.). 5. т и п о г р. Терім материалы аралығының бір түрі (оның ені 48 пунктке, қалыңдығы қаріптің кегліне тең).