Квант

lat: Kvant

[нем. Quant] з а т е с і м. ф и з и к а л ы қ. 1. Молекулярлық, атомдық және ядролық жүйенің өзгеру барысында бөлінетін қуаттың ең аз бөлігі. Эйнштейн әрбір сәуле к в а н т ы н ы ң энергиясы бар, оның шамасы һv­ға тең деп есептеді (А.Қалығұлов, Жарық сәуле.). Сасқалақтап к в а н т жүйесіне қысымды көбірек беріппін. Жарылыс болды. Мен ауыр жараландым (Т.Шаханов, Көгілдір.). 2. Табиғаты дискреттізілісті) физикалық шаманың мүмкін болатын өзгеруінің ең кіші мөлшерісер, әрекет, энергия, қозғалыс мөлшері, т.б.); 3. Негізгі физикалық тұрақтылардың бірі. 4. Қандай да бір физикалық өрістің қасиетін тасушы бөлшек. мысалы, электрмагниттік өрістің кванты фотон, дыбыс тербелістері өрісінің кванты фонон (ҚҰЭ).