Кванттық механика

lat: Kvanttyq mehanıka

физ. Микробөлшектердің және олардың жүйелерінің қозғалу заңды- лықтарын анықтайтын, сондай-ақ бөлшектер мен жүйелерді сипаттайтын физикалық шамаларды макроскопиялық тәжірибеде тікелей өлшенетін шамалармен байланыстыратын теория. К в а н т т ы қ  м е х а н и к а бейрелятивистікарық жылдамдығымен салыстырғанда төмен жылдамдықтағы u«c) және релятивистікарық жылдамдығымен салыстыруға болатын жоғары жылдамдықтағы u«c) болып бөлінеді (ҚҰЭ). Бейрелятивистік кванттық механика (өзінің қолданылу аймағындағы Ньютон механикасы сияқты) толық аяқталған, қайшылықтары жоқ, өз саласында кез келген есептерді шешуге мүмкіндігі бар теория (ҚҰЭ). Керісінше, релятивистік к в а н т т ы қ  м е х а н и к а н ы мұндай теория қатарына жатқызуға болмайды. Классик механика кванттық механиканың жуықталған дербес түрі болып саналады (ҚҰЭ).