[итал. quartetto] з а т е с і м. м у з ы к а л ы қ. 1.Төрт түрлі дауысқа немесе музыкалық аспапқа лайықталып жазылған шығарма. Моцарттың музыкалық мұралары әртүрлі аспаптар үшін жазылған сонаталар, квартеттері бар (Ғалам ғажап.). 2. Төрт орындаушыдан құрылған ансамбль. Ансамбль деген сөз белгілі бір әнді орындауға қатысатын адамдардың санына байланысты: дуэт, трио, к в а р т е т, квинтет, секстет деп аталады (Музыка.). Июньде павлодарлықтар Латвия мемлекеттік филармониясының, Грузияның вокальды шекті аспаптар к в а р т е т і н і ң, Кировоград эстрадасының артистерін де қабылдайды («Лен. жас»).