lat: LÚSTRA
[франц. lustre] з а т. Бір не бірнеше лампа орнатуға болатын аспалы шам; шамдал.
Әр кластың төбесінде жанған тоғыз шамды люстраның жарығы күндізгідей (С.Мұқанов, Алып. адым.).
Төбеде ақ боз үйдің шаңырағындай хрусталь люстра (Т.Тобағабылов, Тағы бір.).
Люстра таңдағанда үйдегі басқа жабдықтарға үйлесетіндей формасын да ескерген жөн («Мәдениет және тұрмыс»).