ЛУПА

lat: LÝPA

[франц. loupe] з а т. Ұсақ нәрсені үлкейтіп көрсететін оптикалық құрал; үлкейткіш шыны.

Өсімдіктің ірі-ұсақтығына қарай, олардың ішкі құрылысын жай көзбен де, лупамен де және микроскоппен де көруге болады (Т.Мұсақұлов, Ботаника.).

Жыныс құраушы минералдар лупаның жәрдемінсіз- ақ оңай ажыратылатын түйірлерден тұрады (гранит) (К.Сапарбайұлы, Геология.).

Әрбір жонудан кейін шебер алмасты үлкейткіш лупамен қарап алып, қайта жона бастады (О.Бейсеев, Жеңімпаз.).