lat: Lúk
[гол. luik] з а т. Кеме, танк, ұшақ ішіне кіріп-шығуға арналған қақпағы бар ашық есік.
Люктен басымды көтерсем, қос желкенді бір дәу кеме келіп-ақ қалған екен (Ә.Сәрсенбаев, Толқында).
Есқара бастаған танкистер люкті ашып қарғып түсіп, жалынның ішін жара, балалар үні естілген жерге ұмтылды (С.Бегалин, Жеткіншек).
Ұшқыш орманды жерді бірнеше айналып, жан-жағын бағдарлап алды да, самолеттің люгін ашты (Ә.Шәріпов, Қапаста.).