(латынша Liberalis-ерікті )- 19 ғасырда буржуазиялық теологияда, философияда және этикада кең тараған бағыт, оның кейбір қалдықтарын осы күні де кездестіруге де болады. Либералдық христиандық өкілдері (АҚШ-та—В.Раушенбуш, Ш.Мэтьюа, Ф.Пибоди, Европада—А.Ричль, Э.Трельч, А.Гарнак және т.б.) христиан дәни ілімін әлеуметтік және моральдық проблемаларды ("Әлеуметтік інжіл") шешудің нақтылы программасынан айналдыру идеясын ұсынды. Басқа да толып жатқан діни ілімдерден Либералдық христиандық адам мен қоғамның тарихи мүмкіндіктеріне оптимистік көзқарасымен, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің "құтқарушы" қызметіне сенімімен бөлектенеді. Либералдық христиандықты қуаттаушылар христиандықты қазіргі ғылым дәрежесіне сәйкес жаңартуға ұмтылады, ауқаттылар мен жарлыларға арналған уағыздарда коғамның жақсаруы Христос ілімін сеніммен уағыздауға тәуелді дей отырып, оның ақылға сыйымдылығына және қоғамдық мақсатқа сай рационалды-логикалық түрде дәлелденуіне үлкен көңіл бөледі.Либералдық христиандық қуаттаушылар этикада таураттық өсиеттерді қазіргі азаматтық мораль ұғымдарына жақындастыруға тырысады, қоғамға қызмет етуді құдайға қызмет етудің ең дұрыс формасы деп қарайды. "Құдайдың құдіретін" тарих жолында адамзат жететін қоғамдық идеал деп, ал христосты қарапайым адамдар үлші ететін моралдық идеал ретінде түсіндіреді. Жалпы Либералдық христиандық буржуазиялық қоғамның тарихи мүмкіндіктері жайлы дүдамал ұғымдарға негізделген және осындай пікірлерді қорғаудың либералдық формасы болып табылады. Капитализмнің жалпы дағдарысы Либералдық христиандықтың әлеуметтік негізіне тойтарыс беріп, оның идеяларын неопротестантизм қатты сынады.