Лимбика жүйесі

lat: Lımbıka júıesi

қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты көне қыртыс (гиппокамп, алмұрт бөлік, энториналық бөлік, периамигдалоидық қыртыс) ескі қыртыс (белдемше қатпар, пресубикулюм) жəне қыртыс асты құрылымдар (бадамша тəрізді кешен, шарбақ аймағы, таламус пен гипоталамустың біраз ядролары, ортаңғы мидың лимбикалық аймағы). Лимбика жүйесі вегетативті функцияларды, эмоциялар мен инсинктерді, ұйқы мен сергектікті реттеуде маңызды роль атқарады.