ЛИНГВИСТ

lat: Lıngvıs

з а т. Тілші ( тіл заңдылықтарын зерттеуші маман).

Тегінде, лингвист - ғалымның ең басты міндеті белгілі бір тілдегі заңдылықты ашу, сол тілге лайық, дәстүрлі, қалыпты норманы анықтау, жаңа дәстүрді көрсете білу десек, бұл ретте де Қ. Жұбановтың пікірлері өте бағалы («Қаз. әдеб.»).

Егер Шаляпин университеттің филология факультетіне түссе, жап-жақсы лингвист тіл маманы болар еді («Білім және еңбек»).