ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ

lat: LıngvısIKALYQ

с ы н. Лингвистикаға қатысты, лингвистикаға тән.

Ахмет Жұбанов Ленинград консерваториясының бірінші курсында оқи жүріп, Ленинградтың тарихи және лингвистикалық институтының тарихи-социологиялық факультетінің этнография бөлімінің студенттерімен бірге лекцияға қатысады (Ж.Рсалдин, Ахмет Жұбанов).

Моргун, тегінде, лингвистикалық қабілеті де күшті жігіт (С.Жүнісов, Жапанда.).

Сөз тілдің негізгі бірлігі, лингвистикалық бірлік ретінде оның екі қыры бар: «мәнерлік» және «бейнелілік» («Қаз. әдеб.»).