ЛИЦЕНЗИЯ

lat: Lısenzıa

ат. licentia] з а т. э к о н. 1. Мемлекет орындарының сыртқы сауда шараларын жүргізу үшін беретін рұқсаты, рұқсатнама .

Сақтандыру ұйымы ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғааз. тілі термин. Экономика.).

Халықаралық саудааттықтың да жартысы қалт етпейтін қырағы бақылауларында және жаңа технологияларға патент пен лицензиялардың 80 пайызы трансұлттық компаниялардың кебеже- лерінде сақтаулы («Түркістан»).

2. з а ң. Азаматқа немесе заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат .

Оларға қоса ағылшын тілін, компьютерге үйрету сияқты лицензиясында қаралмаған заңсыз қызмет көрсетумен де айналысып келген («Егемен Қазақстан»).

Бізде қойма салу үшін лицензия алуға 32 процедура талап етіледі, ал Данияда бір аптаға жетпейтін уақытта жасауға болатын бар болғаны 3 процедура жетерлік екен («Айқын»).

3. з а ң. Меншік иелеріне патенттермен қорғалатын өнертабыстарды, технологияларды, коммерциялық және басқа да ақпараттарды пайдалану құқығын беру.

Акционерлік қоғамның қызметіне, лицензия түрлері қызметіне рұқсат берудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдануда («Егемен Қазақстан»).

4. Атуға тыйым салынған аңдарды аулау сияқты белгілі бір нәрсеге жеңілдетіліп берілетін құқық .

Ақбөкен тек лицензия бойынша ғана аулауға жататын аң (X.Қыдырбаев, Дала көркі).

Алтай аңшылары бұлғынды лицензиямен аулап отырады (X.Қыдырбаев, Дала көркі).